Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үстінен Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен шағым түсті
Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен шағым түсірді \ Фото: коллаж kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен Жоғарғы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі құжатта жазылған.

Сайттағы құжатта 2025 жылдың 17 наурызында Айтбек Амангелдінің Қуандық Бишімбаевтың үстінен шағым түсіргені жазылған. Сот кабинетіндегі құжатта қандай мәселеге қатысты шағым түсірілгені айтылмаған. Басқа ешқандай ақпарат жоқ.

Ақпарат толықтырылады. KursivMedia редакциясы Айтбек Амангелдіге қандай мәселе бойынша сотқа жүгінгені туралы сауал жолдады.