Жаңалықтар

Асхат Тағыбергеннің әйелі Шымкент әкіміне жауап берді

Асхат Тағыбергенді Махаббат мақтан тұтатынын айтқан/фото: instagram
Асхат Тағыбергенді Махаббат мақтан тұтатынын айтқан/фото: instagram

Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің әйелі Махаббат Тағыберген әлеуметтік желіде пост жазды.

Ол Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Асхат Тағыбергенді сын тезіне алғанына жауап беруді жөн көрген. Махаббат күйеуін мақтан тұтатынын айтқан.

«Әйелі ретінде мен Асхаттың футболға қосқан үлесімен және әділ ойнап, бар күшін салатын қағидаларымен мақтанамын», – деді ол.

Асхат Тағыбергеннің әйелі Шымкент әкіміне ұстамды түрде жауап беруді ұйғарыпты.

«Ешкіммен айтысып, салғыласпаймын. Бірақ әділетсіздікке үнсіз қалу да дұрыс емес. Әр жанкүйерді құрметтеймін, бірақ бір маусыммен ғана баға бермей, жақсы сәттерді ұмытпайық. Қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз», – деп жазды Махаббат.

Мұның алдында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 20 млн теңге айлық алса да, жақсы ойын көрсете алмай жүргенін сынға алған еді. Тіпті, келісім-шартты бұзғысы келетінін, бірақ оған тұрақсыздық айыбын төлеу міндеті кедергі жасайтынын айтқан еді әкім.