Трамп пен Путин телефонмен сөйлесіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Путин мен Трамп не жөнінде сөйлесіп жатқаны белгілі болды/фото: shutterstock
Путин мен Трамп не жөнінде сөйлесіп жатқаны белгілі болды/фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп жатыр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл жөнінде Ақ үй әкімшілігі басшысының орынбасары Дэниел Скавино Х желісінде жазыпты.

Бұған дейін Трамп Путинмен сөйлескенде Украинадағы оккупацияланған жерлерді, Курск облысындағы жағдайды және Запорожье АЭС-ін талқылайтынын айтқан еді.

Атом электр станциясын 2022 жылы көктемде Ресей оккупациялап алған. Украина қазір станцияға қауіп төніп тұр дейді.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп 18 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп, Украинаға қатысты келіссөздерде «активтерді бөлісу» мәселесін талқылайтыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз