Lifestyle

Бір миллионға қандай бизнес ашуға болады?

Аз капиталмен бастауға болатын кәсіп түрлері / Фото: коллаж Kursiv Media

Бизнес бастау үшін шотыңызда бірнеше миллиондар болуы керек емес. Бар болғаны 500 мың – 1 млн теңгеге де кәсіп бастап кетуге болады. Бастысы – дұрыс бағыт таңдау, клиенттер табу және тиімді маркетинг жүргізу. Бұл мақалада сондай бизнес идеялар, сатуға болатын платформалар және клиенттерді қалай табуға болатыны жайлы айтамыз.

Фото және видео қызмет. Егер сіздің фото не видео түсіруге қабілетіңіз болса, жеке фотограф немесе видеооператор ретінде кәсіп бастап кетсеңіз болады. Алда жаз маусымы, той-томалақ жиі өтеді. Сапалы фотосессия жасап беретін мамандарға сұраныс көбейеді.

Клиенттерді қайдан табуға болады?

  • Instagram, Tik-Tok әлеуметтік желілерінде парақшаңызды жүргізіп, қызметіңізді сатып бастаңыз.
  • Olx, Market.kz немесе Kaspi.kz платформаларында қызметіңіз жайлы хабарландыру қалдыра аласыз.
  • Event-агенттіктермен байланысып, командасына қосыла аласыз. Бірақ олар сізге клиент әкелгені үшін қосымша пайыз сұрайтыны жайлы ұмытпаңыз.

Жарнамасын қалай жасау керек?

  • TikTok-та фото және видео өңдеу сабақтарын жариялау
  • Жаңа туған нәрестелер, үйлену тойы, бизнес-портреттер бойынша мамандану
  • Жеңілдіктер мен акциялар ұсыну

Пайда. Шамамен айына 300 мың теңгеден бастап 500 мыңға дейін табыс табуға болады.

Үйде косметикалық (маникюр, кірпік өсіру, массаж) қызмет көрсету. Үйге маман шақыру – өте ыңғайлы, уақытты да үнемдейді. Әсіресе, декретте отырған, кішкентайын тастап шыға алмайтын аналарға жиі қажет.

Клиенттерді қалай таңдау керек?

  • Instagram, Tik-Tok әлеуметтік желілерінде парақшаңызды жүргізіп, қызметіңізді сатып бастаңыз.
  • Olx, Market.kz немесе Kaspi.kz платформаларында қызметіңіз жайлы хабарландыру қалдыра аласыз.

Жарнамасын қалай жасау керек?

  • «Бірінші рет келушілерге жеңілдік» жасау
  • Тұрақты клиенттерге бонустық жүйе енгізу
  • Instagram стористерде жұмыс процесін көрсету

Тігін тігу, бұйымдарды жөндеу. Кез келген қыз келіншек жеке дизайнмен жасалған, ешкімде жоқ ерекше көйлек кигісі келеді. Клиенттер әрдайым табылады.

Клиенттерді қалай табу керек?

  • Instagram, Tik-Tok әлеуметтік желілерінде парақшаңызды жүргізіп, қызметіңізді сатып бастаңыз.
  • Whatsapp топтарға хабарландыру қалдырыңыз
  • Сарафанды радио арқылы

Жарнамасын қалай жасау керек?

  • TikTok-та «қалай тігемін» деген видео түсіру
  • Instagram-да бұрынғы және кейінгі деген нәтижені көрсету
  • Клиенттерге арнайы тапсырыс бойынша жұмыс істеу

Гүл саудасы. Бұл кәсіптің ерекшелігі – қауашақтағы бөлме гүлдерін сатады.

Клиенттерді қайдан табу керек?

  • Instagram, TikTok-та жеке парақша жүргізіп бастаңыз
  • OLX, Market.kz платформасында хабарландыру қалдырыңыз
  • Гүл базарлары мен дүкендерге өткізу

Жарнамасын қалай жасалады?

  • TikTok-та «гүлдерді қалай күту керек» видеолар түсіру
  • Instagram стористерде гүлдерді таныстыру
  • Дүкендерге көтерме бағада сату

Микрошөп. Жаңа пайда болып келе жатқан, бәсекелестері аз кәсіп түрі. Үйде отырып, кішкентай қауашақтарда түрлі микрошөптер өсіре бересіз.

Клиенттерді қайдан табу керек?

  • Instagram, TikTok парақшаларында жарнама беру
  • Мейрамханалар мен дәмханаларға өткізу

Жарнамасын қалай жасалады?

  • TikTok-та микрошөпті өсіріп жатқан видеолар
  • Instagram стористерде микрошөптің пайдасын түсіндіру, таныстыру
  • Фитнеспен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстайтын блогерлерге жарнамасын жасату

Сәнді сабын және косметика жасау. Күнделікті қолдануға да, сыйлыққа да беруге болатын бұл тауар түрі әрдайым өтімді.

Клиенттерді қайдан табу керек?

  • Instagram, TikTok парақшаларын дамыту, әсіресе, мереке қарсаңында сұраныс көбейеді
  • Etsy (шетелдік клиенттер үшін)
  • Жергілікті жәрмеңкелер мен базарлар

Жарнамасын қалай жасауға болады?

  • Блогерлерге өнімді шолу жасауға беру
  • YouTube-та сабын жасау процесін көрсету
  • Тұрақты клиенттерге жеңілдіктер жасау

Балаларға арналған ойыншықтар жасап сату. Қазір денсаулыққа зияны жоқ, табиғи материалдан жасалған тауарлар сұранысқа ие. Сондықтан ағаштан түйін түйетін шебер болсаңыз, ойланбастан кәсіп бастап кетіңіз.

Клиенттерді қайдан табу керек?

  • Instagram, TikTok парақшаларында таныстыру,
  • Kaspi.kz, Wildberries маркетплейстерге шығару

Жарнамасын қалай жасау керек?

  • Балаларға арналған дүкендермен келісім жасау
  • Instagram-да ойыншықтар туралы пайдалы контент жасау
  • Жаңа трендтегі ойыншықтарды ұсыну

Ескерту. Кестелер ЖИ көмегімен жасалды, нарықтағы орташа деген баға алынды. Бірақ іс жүзінде өзгеруі мүмкін (жеңілдіктерге, көп мөлшерде алғаныңызға байланысты)