Үкімет Алматыдағы метро желісі мен Астанадағы су құбыры үшін Қытайдан несие алмақшы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қытай мен Қазақстан тараптарының кездесуі / Фото:gov.kz

Қытайдың Эксим және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Алматыдағы жаңа метро желісінің құрылысын қаржыландыруы мүмкін. Еліміздің қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мен қытайлық банктердің төрағалары осы мәселеге қатысты кездесу өткізді.

Қытайлықтардың қаржыландыруын қажет етететін бірнеше инвестициялық жоба бар. Атап айтқанда, Ертіс өзенінің бойындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін сорғы-сүзгі станциясы бар су құбырлары мен кедендегі өткізу пункттері үшін қаражат керек. Алматыдағы метроның жаңа желілерін салу да инвестицияны қажет етеді.

Әзірге екі тарап қаржылық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасып, Қытай нарығында панда-бондтарды шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Алматыдағы метроның құрылысы үшін Қытайдан несие алу бұдан бұрын да жоспарланған. Қала әкімі Ерболат Досаев шетелдік банктерден 1 млрд доллар несие алмақшы екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз