Жаңалықтар

20-21 наурызда eGov.kz порталы жұмыс істемейді

Мобильді қосымшалардағы мемлекеттік қызметтер де жұмыс істемейді / Фото: gov.kz

Қазақстандықтар цифрлық құжаттарын 20-21 наурыз күндері ала алмайды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы хабарлады.

Компания цифрлық экожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізбекші.

«Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды. Бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді»,– делінген хабарламда.

Осы уақыт аралағында бірқатар мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
  • «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауға кеңес берді. Сонымен қатартехникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың  тек түпнұсқаларын ұсыну қажет болатынын ескертті.