Fix Price компаниясы Сербия нарығына шығуға дайындалып жатыр

Арзан бағада тауар сататын Fix Price дүкендер желісі Сербия нарығына шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы «Коммерсанть» хабарлайды.
Fix Price-тің өзі Сербия нарығына шығу деген мақсатын растады. Жоспар бойынша, 2025 жылдың екінші жартысында бірнеше дүкендер ашылуы мүмкін және онлайн-сатылым да іске қосылады. Компания өкілінің атап өтуінше, нарықтың жағдайы және тұтынушылық сұраныс Fix Price-тің бизнес-моделіне сай келеді.
«Коммерсантъ» жазуынша, Сербия экономикасындағы ең табысты сектор – бөлшек сауда нарығы. Бірақ ресейлік компания үлкен бәсекелестікпен бетпе-бет келуі мүмкін. Себебі ол нарықта немістің Lidl, словениялық Mercator және нидерландық Delhaize компаниясы бар. Ресейлік тағы бір дискаунтер «Светофор» да Сербия да жұмыс істейді.
Fix Price – арзан тауар сататын ресейлік дүкендер желісі. Былтырғы есеп бойынша, жалпы компанияның 7165 дүкені болған. Компания Моңғолия, Армения, БАӘ және Өзбекстанда дүкендерін ашты.
2023 жылы қазанда Fix Price тіркеуін Кипрден Қазақстанға ауыстыратынын мәлімдеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығында Fix Price Group Plc деген атаумен тіркелді. Елімізде 262 дүкен ашылды, ол жерде 1600 қызметкер жұмыс істейді.