60 жастағы ер адам аналарының келісімімен жас қыздарды зорлап оларды видеоға түсірген

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
60 жастағы ер адам аналарының келісімімен жас қыздарды зорлап оларды видеоға түсірген
60 жастағы ер адам аналарының келісімімен жас қыздарды зорлап оларды видеоға түсірген/Фото: polisia.kz

Қарағандыда азғындық әрекет жасаған 60 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыс туралы ІІМ өткізген «STOP-трафик» операциясы барысында анықталған.

Ер адам жас қыздардың аналарын ақшаға келістіріп, оларға жыныстық сипатта азғындық әрекеттер жасап, балалар порнографиясын жазу мақсатында видеоға түсірген.

Аталған фактіге байланысты ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық істер қозғалған.

«STOP-трафик» операциясы аясында адам саудасына қатысты жалпы жиыны 40 қылмыс анықталған. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынған 156 дерек әшкереленіп, қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Атап айтқанда Шымкентте төрт адамнан тұратын топ ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қала тұрғындарын жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік фотосуреттермен бопсалап отырған. 

Ал Алматыда «боди-массаж» салондарын ұйымдастырған жеті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Түркістан облысында Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталған. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан. 

Бұған дейін Қарағандыда ер адам көпқабатты үйді жарып жібермек болған.

Сондай-ақ оқыңыз