Жаңалықтар

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілді

Марат Бекетаев
Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды/ фото: KursivMedia

Экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров баспасөз конференциясында мәлім етті.

Оның айтуынша, іс сотқа 3 наурыз күні жолданған.

«Агенттік экс-әділет министрі Бекетаевқа және басқа да адамдарға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Биылғы жылдың 3 наурызында қылмыстық іс сотқа жіберілді», – деді ол.

Бұған дейін Бекетаевтың қамау мерзімі 10 наурызға дейін ұзартылған.

Экс-министр 2023 жылдың қазанында жеке компания басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдік негізінде қамалды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол елден қашпақ болғанда ұсталған.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі болған. Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылып, 2022 жылдың соңына дейін премьер-министрдің кеңесшісі болды.