Қытай Қырғызстанға жаңбыр шақыратын техника береді

Қытай Қырғызстанға грант негізінде жаңбыр шақыратын әрі зиянкестерді жоюға арналған ауыл шаруашылығы техникасын береді.
Бұған Қырғызстан премьер-министрлігінің орынбасары, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаевтың Қытайдың Үрімші қаласына жасаған сапарының нәтижесінде қол жеткен.
«Цюаньибао» компаниясымен келіссөз барысында компания Қырғызстанға 1,12 миллион доллар сомасына грант негізінде жаңбыр шақыру және зиянкестерді жоюға арналған ауыл шаруашылығы техникасын беретін болып шешілген.
Сонымен қатар, «Қыргыз Агрохолдинг» АҚ мен «Цюаньибао» компаниялары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
Кездесу аясында Шу облысында «Азия-Еуропа алтын жолы» халықаралық кеден-логистикалық паркін салу жобасы талқыланған. Бақыт Торобаев паркке арналған жер учаскесін бөлу жоспарланып отырғанын жеткізіп, парк екі елдің экспорт-импорт операцияларына теңдей қызмет етуі тиістігін атап өткен. Жоба 30 миллион доллар инвестиция салынады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін, Қырғызстанда тауға шығатын туристерден ақы алу ұсынылған.