Қытайлардың өзі қандай көлік мінеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қытайлардың өзі қандай көлік мінеді
Қытайлардың өзі қандай көлік мінеді/Фото: dzen.ru

Әлемдегі ең ірі нарықтардың бірі Қытайда ақпан айындағы автокөлік сатылымының көрсеткіштері белгілі болды.

BYD ақпанда 192 101 көлік сатып айқын көшбасшы атанды. Екінші орында 123 823 автокөлік сатқан Volkswagen тұр. Ал үшінші орынға өз отанында 119 366 көлік сатқан Geely жайғасқан.

Әйгілі жапондық модель Toyota үздік үштікке кіре алмады. Компания өткен айда Қытайда 82 274 көлік сатып, тек төртінші орынды иеленді. Toyota-ны 64 999 көлік сатқан тағы бір қытайлық бренд Wuling (SAIC Motor, General Motors және Liuzhou Wuling Motors-тың бірлескен кәсіпорны) өкшелеп келеді.

Geely Қытайдағы сатылым көрсеткіші жөнінен Toyota-ны қатарынан екінші ай бойы басып озды. Автомамандар бұл жапондық бренд үшін дабыл белгісі болуы мүмкін деп отыр.

Ал BYD өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда сатылымын екі есе арттырды. BYD тек электр және гибридті көліктер сататынын ескерсек, бұл жаңа технологияға деген сұраныс қарқынды түрде өскенін көрсетеді.

Кейінгі орындарда төмендегідей көліктер жайғасқан:

6. Changan – 51 611;

7. Chery – 36 380;

8. Mercedes-Benz – 36 121;

9. Honda – 33 787;

10. Audi – 33 540.

Айта кетейік, қытайдағы бестселлер BYD жуырда Қазақстан нарығына ресми түрде кірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз