Ресей Украинаның қандай жерлерін алып қойғысы келеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ресей Украинаның қандай жерлеріне ауыз салғысы келеді
Ресей Украинаның қандай жерлеріне ауыз салғысы келеді/Фото: Pixabay.com

Ресей президенті Владимир Путин бүгінгі күнге дейін басып алған Украина аумағы Ресей жері деп танылғанын қалайды. Бұл туралы Ресейдің өндірушілер мен кәсіпкерлер одағының жабық кездесуіне қатысушылардың бірі Коммерсантъ басылымының журналисіне айтқан.

Владимир Путин Украина Қырымды Ресейдікі ретінде танып, Луганск және Донецк республикаларының автономиясын мойындағанда арнайы әскери операция басталмауы мүмкін екенін айтқан.

Оның айтуынша, қазір Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерде Ресей армиясының бақылауындағы аумақтар Украинаға қайтарылмайтыны туралы сөз қозғалып жатыр.

«Сондай-ақ Мәскеу Қырым, Севастополь, ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарын ресейлік аумақ ретінде тануды талап етуі мүмкін. Егер бұл жақын арада жүзеге асса, Ресей Одесса мен қазіргі уақытта Украинаға тиесілі басқа аумақтарға талап қоймайды» деген дереккөз басылым тілшісіне.

Кеше Путин мен Трамп соғысты тоқтату бойынша телефонмен екі жарым сағат бойы сөйлескен. Әңгіменің егжей-тегжейі айтылмады, тек Путин энергетикалық инфрақұрылымдарға оқ атпауға келіскені хабарланды. Кездесу алдында тараптар Украинадағы оккупацияланған жерлерді, Курск облысындағы жағдайды және Запорожье АЭС-ін талқылайтыны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз