Түркіменстанда енді тұрмыс құрмаған қыздарды жазбай тануға болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Түрікменстанда енді тұрмыс құрмаған қыздарды жазбай тануға болады
Түркіменстанда енді тұрмыс құрмаған қыздарды жазбай тануға болады/Фото: nova24.uz

Түркіменстанда тұрмысқа шықпаған қыздарға сары орамал тағу міндеттелді. Бұл әйелдің некеде емес екенін көрсетуі үшін енгізілді, деп хабарлады «Азаттық радиосының» түрікмен қызметі.

Мұндай дресс-код енгізген жұмыс берушілер «жоғарыдан келген бұйрықты» алға тартқанымен, құжат нақты қайдан және қашан шыққанын ашып айтпаған.

Басылым талап наурыз айының басында пайда болғанын жазады. Сонымен қатар тұрмысқа шыққан әйелдерге жұмысқа сары көйлек кию міндеттелген. Жаңа киім ережесін сақтамағандарға жұмыстан шығарылу қаупі төнеді

Бұған дейін елде мемлекеттік қызметтегі әйелдерге косметика қолдануға, денеге жабысып тұратын көйлек киюге, шаштарын ашық түске бояуға тыйым салынған болатын.

Түркіменстанда азаматтардың сырт келбеті мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауына қатысты көптеген шектеу бар. Мысалы, азаматтардың көліктері ақ немесе ашық түсті болуы керек. Әйелдерге дәстүрлі көйлек кию міндеттелген.

Жас жігіттерге қырыну талап етіледі, бұл іс жүзінде сақал қоюға тыйым салу болып саналады.

Түркіменстанмен көрші Ауғанстанда да әйелдердің құқықтық жағдайы мүшкіл. Былтыр елде Құранды дауыстап оқып, басқа әйелдермен «көпшілік алдында» сөйлесуге тыйым салынған. Тіптен әйел дәрігерлер мен медбикелерге науқастардың отбасы мүшелерімен сөйлесуге болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз