
Air Astana компаниясының директорлар кеңесі әуе қозғалтқыштарына қатысты ірі мәмілені мақұлдады. Бұл туралы құжат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
Мәміленің нақты сомасы коммерциялық құпия ретінде сақталған. Келісім FlyArystan әуе компаниясымен авиациялық қозғалтқыштардың екі түрін алмастыру келісімін ұзартуға байланысты.
«FlyArystan» АҚ және PW1100 типті қозғалтқыштарды айырбастау
туралы шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға байланысты жасауға мүдделілігі бар
мәмілені Қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдау», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Air Astana активтерінің жиынтық құны 952 млрд 63,8 млн теңге деп бағаланған.
Компанияның былтырғы түсімі 1,3 млрд долларды құраған. Жолаушылар тасымалынан түскен кіріс 1,2 млрд долларды құраса, ал жүк тасымалынан 26,3 млн доллар түскен. Сондай-ақ, компания қозғалтқышты сатып алып, бірден сату және оны кері жалға алу операциясынан 25 млн доллар табыс тапты. Сонымен қатара акционерлеріне арнайы дивиденд төлемек.