Доллар бағамы қайтадан 500 теңгеден асты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: REUTERS/Yuriko Nakao, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ валютасы қайта қымбаттап жатыр. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар бір күнде 4,14 теңгеге көтеріліп, 500,67 теңгеге жетті.

Ұлттық банк 19 наурызға арналған ресми бағамды 496,41 теңге деп белгіледі. Дегенмен сауда-саттық соңында теңге күрт әлсіреп, доллар 503,56 теңгеге, ал рубль 6 теңгеге дейін жеткен. Доллармен сауда-саттық көлемі 201 млн доллардан асқан.

kurs.kz сайтының дерегіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503-504 теңгеден сатылып жатыр.

Кейінгі апта доллар мен теңге жұбында валюта бағамы қатты құбылып тұр. Мәселен 11 наурызда 488 теңге тұрған доллар 18 наурызда 495 теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз