Жаңалықтар

Каспий мұнай құбырына дрондар тағы шабуыл жасағанымен, мұнай тасымалдау тоқтамаған

Каспий құбыр консорциумына тағы да шабуыл жасалды / Фото: cpc.ru, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий құбыр консорциумы (КТК) өзінің мұнай тасымалдау жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл мәлімдеме ресейлік БАҚ-тың КҚК инфрақұрылымына дрондардар шабуыл жасағаны туралы ақпараттан кейін жасалды.

«Кропоткинская» мұнай айдау станциясы (Ресей Федерациясы) жұмыс істемейді, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілып жатыр. Бірақ құбыр желісі қызметін жалғастырып, мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр. Шабуыл КТК-ға тиесілі емес нысанға жасалған», – деп хабарлады консорциум өкілдері.

РФ Қорғаныс министрлігі: Шабуыл әдейі жасалған

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштері Краснодар өлкесіндегі «Кавказская» станциясына әдейі шабуыл жасады деп мәлімдеді.

19 наурызға қараған түні үш ұшқышсыз ұшу аппаратыКраснодар өлкесінің Кавказская станицасында орналасқан инфрақұрылым нысанына соққы жасаған. Бұл нысан теміржол цистерналарынан Каспий құбыр консорциумының халықаралық мұнай тасымалдау жүйесіне мұнай құяды.

Шабуыл салдарынан бір мұнай резервуары зақымданып, 1700 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп жатыр.

«Кавказская» станциясының маңызы

«Кавказская» станциясы – Ресей арқылы өтетін КТК құбыр жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі. Ол жылына 6 миллион тоннаға дейін мұнайды теңіз терминалына тасымалдайды. Станция теміржол терминалынан және КТК жүйесіне кіретін «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына жалғасатын құбырдан тұрады.

17 ақпанда КҚК мұнай тасымалдау жүйесі нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы жеті бірдей әскери дрон шабуылына ұшырады. Одан кейін ресейлік акционер «Транснефть»: қазақ мұнайын Каспий құбырымен тасымалдау 30%-ға қысқаруы мүмкін екенін мәлімдеді.

 Сарапшы Абзал Нарымбетовтың пікірінше, Каспий консорциумына шабуыл балама бағыт қалмағанын байқатады.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть бақылайтыны 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.