
Англияның «Манчестер Сити» клубында өнер көрсететін өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов ұлттық құрамаға шақырту алып, отанына оралған сәтте сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, футболшы әкесіне қымбат Mersedes автокөлігін сыйлап, отбасы мүшелерін де қуантты.
Хусанов қазіргі таңда Өзбекстанның ең беделді әрі жас футболшыларының бірі. Оның спорттық мансабы мен жеке өмірі жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.
Тойы қашан және қайда өтеді?
Футболшы маусым аяқталғаннан кейін, дәлірек айтқанда, 27 мамырда үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл күн Англия Премьер-лигасының аяқталуымен және «Манчестер Сити» ойыншыларының демалыс кезеңімен тұспа-тұс келеді.
Өзбекстандық БАҚ өкілдері мен жанкүйерлері бұл күнге қатысты түрлі болжамдар айтып үлгерді. Көпшілігі салтанатты кешке «Манчестер Сити» жұлдыздары мен бас бапкер Хосеп Гвардиоланың қатысатынынан үмітті. Жанкүйерлер тіпті Эрлинг Холанд, Кевин Де Брюйне және Джек Грилиш сияқты әлемдік деңгейдегі футболшылардың өзбекстандық қорғаушының қуанышына ортақтасуы мүмкін екенін болжап отыр. Бұдан бөлек Хусанов 2024 жылы Алтын доп иегері испаниялық футболшы Родримен бірге бір құрамада ойнайтынын айта кетейік,
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов 2004 жылы 29 ақпанда Ташкент қаласында дүниеге келген. Өзбекстандық «Бунедкор» футбол клубының түлегі 2025 жылдың 11 қаңтарында Францияның «Ланс» клубынан «Манчестер Сити» футбол клубына ауысқан еді. Наурыз айында «Манчестер сити» сапында үздік футболшы атанған еді.