
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ЛГБТ мәселесіне қатысты ресми ұстанымын жариялады. Бас мүфти бастаған діни басқарма бұл құбылысты шариғатқа және ұлттық құндылықтарға қарсы деп мәлімдеді.
ЛГБТ – ата-баба жолына қарсы құбылыс
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі қызметі – Ислам дінін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халықты рухани тұрғыдан дамыту. Осыған байланысты ҚМДБ қоғамды рухани азғындықтан сақтандыру мақсатында ЛГБТ қозғалысына қатысты өз ұстанымын білдірді.
«Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыстан келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз» делінген.
ҚМДБ бұл құбылысты шариғатта харам деп санайды және оның алдын алу қажеттігін ескертеді. Бас мүфти ЛГБТ құбылысын ата-баба жолына, ұлттық рухани құндылықтарға және шариғат қағидаларына қайшы деп мәлімдеді.
Исламдағы ұстаным: ЛГБТ харам және ауыр күнә
ҚМДБ Пайғамбардың хадисіне сүйене отырып, бұл мәселеге қатысты нақты діни дәлелдер келтірді:
Шариғат бойынша бір жынысты қатынастар ауыр күнә болып саналады. Сонымен қатар, ҚМДБ жыныс ауыстыру мәселесіне де тоқталып, мұндай әрекетті Алланың жаратылысына қарсылық білдіру деп есептейді.
Ресми үкім:
- ЛГБТ іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам.
- Бұл – адам баласының жаратылысына қайшы келетін азғындық.
- Кімде-кім жынысын ауыстырса, ашық адасқан болады және Алланың қарғысына ұшырайды.
- Мұндай адамдар шынайы тәубе етіп, арсыз әрекеттерден бас тартуы керек.
- Егер тәубе етпей, бұл әрекеттерін жалғастыра берсе, олардың жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады.
ҚМДБ ЛГБТ-ны насихаттаудың қоғамға үлкен қауіп төндіретінін ескертіп, ата-аналар мен жастарды рухани құндылықтарды берік ұстануға шақырды. Сонымен қатар, діни басқарма бұл мәселеде қоғамның белсенді болуы қажет екенін атап өтті.
«Біз өз дінімізді, дәстүрімізді, рухани тұтастығымызды сақтауымыз керек. ЛГБТ – біздің болмысымызға, мәдениетімізге және ұлттық тәрбиемізге жат нәрсе. Сондықтан мұндай жат идеологияның таралуына қарсы тұру – әрбір мұсылманның міндеті,» – деп мәлімдеді ҚМДБ өкілдері.
ҚМДБ ұстанымы анық және үзілді-кесілді: ЛГБT – харам, ал жыныс ауыстыру – адам табиғатына қарсы әрекет.