
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Дэн Скавино X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Қазіргі уақытта президент Трамп Ақ үйдегі кабинетінде отырып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп жатыр, — деп жазды Скавино X әлеуметтік желісінде.
Путин мен Трамп арасындағы келісім
Айта кетейік, 18 наурызда АҚШ пен Ресей басшылары Украинадағы жағдайға байланысты телефон арқылы келіссөз жүргізген еді. Кремльдің ресми мәлімдемесіне сәйкес, Владимир Путин АҚШ президентінің Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасамау туралы 30 күндік өзара мораторий енгізу ұсынысымен келіскен.
Трамп пен Зеленскийдің әңгімесінің толық мазмұны әзірге жарияланған жоқ.