Украина мен Ресей тұтқын алмасуды бастады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен әскери тұтқындар алмасуы сәтті өткенін растады. Президенттің айтуынша, Украина тарапына 175 әскери қайтарылды.
«Бүгін 175 қорғаушымыз елге оралды. Сонымен қатар, 22 жауынгер айырбасқа кірмейтін шаралардың арқасында үйіне қайтып келеді. Олардың арасында ауыр жараланғандар мен Ресей ойдан шығарған қылмыстар бойынша қудалаған сарбаздар бар», – деп жазды Зеленский.
Зеленский елге қайтарылған әскери қызметкерлер арасында Украина Қарулы Күштерінің (ҚК), Әскери-теңіз күштерінің (ӘТК), Ұлттық гвардияның, Территориялық қорғаныс күштерінің және Шекара қызметінің сарбаздары, сержанттары мен офицерлері бар екенін айтты.
Сондай-ақ, Зеленский тұтқын алмасу процесінде арағайындық танытқан Біріккен Араб Әмірліктеріне алғысын білдірді.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі де «175-ке 175» формуласы бойынша тұтқындар алмасу жүргізілгенін хабарлаған болатын.