Суперпрезиденттік. Қошанов Назарбаев билік еткен кезеңді сынға алды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қошанов Назарбаев
Қошанов Назарбаев билік еткен тұсты сынға алды / Фото: коллаж kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев билік еткен тұсын сынға алды. 30 жылда суперпрезиденттік режим орнап, елдің саяси дағдарысқа ұшырағанын айтты.

«Отыз жыл бойы Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қолданылды. Алайда, уақыт өте келе, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген модель үлкен саяси дағдарысқа алып келді. Бұған негізінен мемлекетімізге бір ғана адам үстемдік етіп, елдің бар байлығын санаулы адам иеленуі себеп болды. Бұл жайт қоғамның ашу-ызасын туғызды және елдің дамуын тежеді. Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені жаңғырту процесін бастаудың маңызы зор еді», – деді Қошанов.

Мұндай билік формасы Қазақстанның дамуына мүмкіндік бермегенін атап өткен Мәжіліс төрағасы жаңа саяси реформа жүргізіліп, биліктің бір адамның қолында шоғырлануы формасынан бас тартқанын айтты.

Ал суперпрезиденттік дәуірге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нүкте қойғанын, нәтижесінде қоғам сенетін билік құрылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз