Жаңалықтар

Жаңаөзенде не болып жатыр? Полиция, арнайы жасақ, әскерилер тартылды (видео)

Оқиға кеше кешкісін Жаңаөзен қаласының «Самал» ықшамауданындағы болған./фото: скриншот
Оқиға кеше кешкісін Жаңаөзен қаласының «Самал» ықшамауданындағы болған./фото: скриншот

Жаңаөзенде тұтқындау оқиғасы дүрбелең туғызды. Оны басу үшін арнайы жасақ пен әскерилер тартылған. Маңғыстау полициясы бұл жөнінде түсініктеме берді.

Lada.kz ақпаратына қарағанда, әлеуметтік желіде Жаңаөзенде топталған азаматтар мен полиция көліктері мен формадағы адамдар бейнеленген бейнежазба дүрбелең туғызып отыр.

Оқиға кеше кешкісін Жаңаөзен қаласының «Самал» ықшамауданындағы болған.

Полицияның түсініктемесіне қарағанда, ықшам аудандағы бір тұрғын үйдің маңында ер адам ұсталған. Одан қағазға оралған бір зат табылған. Ол марихуана болуы ықтимал.

Тұтқындау барысында куәгерлер көп жиналып қалған. Сондықтан полиция көмекке арнайы жасақ пен әскерилерді шақыруға мәжбүр болыпты. Әскерилер Жаңаөзенде тәртіпті сақтау үшін тартылған.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұның алдында Маңғыстауда «Каскор-Машзавод» кәсіпорынының ондаған жұмысшысы ереуілге шыққаны туралы жазған едік.

Задержание в Жанаозене: полиция прокомментировала участие СОБРа и военных