Үкімет резервінен тыңайтқыштарды субсидиялауға 48,4 млрд теңге бөлінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
тенге
Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңге бөлді / Фото: shutterstock

Үкімет резервінен тыңайтқыштарды субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов осындай қаулыға қол қойды.

Бөлінген қаражат Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялау үшін жіберіледі. Оның негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды субсидиялау үшін жұмсалады.

Қазір Үкімет алдында 2024-2028 жылдар аралығында ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін 2 есе ұлғайту деген мақсат тұр. Ал топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін 50%-ға дейін арттыру қажет. Қазір бұл көрсеткіш 40%-ға жетті, ал 2024 жылы көрсеткіш 21% деңгейінде еді.

Бірақ бұған дейін Бектенов ауыл шаруашылығы саласында субсидия берілуін қатаң сынға алған еді. Ол мемлекет беретін субсидияның бизнеске айналып кеткеніне наразылық білдірді. Соңғы 5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен 2 трлн теңге бөлінген. Оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлікке қатысы жоқ және субсидиялау шарттарына сәйкес келмейтін нысандарға миллиардтаған қаржы жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыз