Ерлан Аққенженов энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Энергетика министрлігіне жаңа басшы келді / фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Ақкенженов энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Жаңа министр туралы мәлімет

Бұған дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарған Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарды.

2022-2023 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті. 2023 жылғы 21 маусымда энергетика министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ақкенженов кімнің орнына келді?

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін энергетика министрлігін Алмасадам Сәтқалиев басқарып келді. Ол 18 наурызда жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Сәтқалиев энергетика министрлігін екі жыл басқарған тұста елде жанар-жағармай қымбаттап, коммуналдық қызметтердің тарифі өсе түсті.

Қазақстан мұнай өндірісі квотасын 2024 жылдан бері орындамай, Сәтқалиев OPEC+ ұйымына мүше елдерден бірнеше мәрте кешірім сұрауға мәжбүр болған.

Сондай-ақ оқыңыз