Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін кетіп қалған, Қазақстанда жоқ – Антикор

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған / karoblmaslih.crealog.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин Қазақстанда жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев жемқорлық фактісі бойынша күдіктінің тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалғанын айтты.

Сенат кулуарында журналистер Арғын Нығматулинге қатысты қозғалған іске бауырлары Ерлан мен Нұрлан Нығматулиннің қатысы бар-жоғын нақтылады.

«Антикор Нығматуллинге қарсы тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Бұл іске басқа орган жауапты. Біз тек іздестіру жүргіземіз. Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Ол тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған», – деді агенттік өкілі.

Айта кетейік, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі іздеу жариялаған болатын.

Қылмыстық істі прокуратура бастаған. Прокуратура мәліметінше, Арғын Нығматулин Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубын қарызға батырған. Клубтың қарызы бүгінде 170 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ оқыңыз