Астанада 22 наурыздан бастап бірнеше жол ішінара жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астана LRT
Астанада бірнеше көше тамызға дейін жабық болады/фото: shutterstock

Астанада LRT құрылысына байланысты бірнеше жолда қозғалыс уақытша шектеледі. Өзгерістер Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылына қатысты болады. Құрылыс 22 наурызда басталып, тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Өзгеріс енгізілетін жол учаскелері:

– 22 наурыз сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін – Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айырығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;

– 24 наурыз сағат 06:00-ден 24.00-ге дейін –Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айрығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;

– 25 наурыздан 25 сәуірге дейін – Сығанақ көшесі бойында Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында, Түркістан көшесіне қарай екі жолақ ішінара тарылады және автожолдың бұрылыс бөлігінде екі бағытта шеткі сол жақ жолақтар жабылады;

– 23 наурыздан 23 тамызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

– 23 наурыздан 26 наурызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

– 23 наурыздан 23 тамызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында Т. Рысқұлов көшесінен Н. Балғымбаев көшесі бағытында автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

– 23 наурыздан 30 наурызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесі бағытында автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;

– 23 наурыздан 5 маусымға дейін – Қабанбай батыр даңғылы бойында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскесінде автожолдың екі жолағы ішінара тарылады.

Сондай-ақ оқыңыз