Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды/фото архив kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, бұған айналма жолды қалпына келтіру жұмыстары себеп болған.

Осылайша 20 наурыз сағат 17:10-дан бастап Мамлютка қаласы – Жаңа Жол өткізу пункті, РФ шекарасы аралығындағы қозғалыс шектелді.

«KAZ02 «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 496-465 шақырымы аралығында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген ақпаратта.

Жолды 2025 жылдың 21 наурызы сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз