Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады
Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады/Фото; Алматы қаласының Білім басқармасы

Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырамен күй орындады деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Ұлттық киім киген жас музыканттар «Адай», «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті.

«Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау. Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті», – делінген хабарламада.

Биыл екінші жыл қатарынан Наурыз мейрамы жаңаша форматта тойланып жатыр. Осы ретте Оңтүстік астанада қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз