Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады
Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады/Фото: ЖИ көмегімен жасалды

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен бүкіл әлемде Наурыз мерекесін атап өтіп жатқан адамдарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Трамп құттықтауында Наурыз мейрамы парсы халқы үшін көктемнің басталуын және парсы Жаңа жылын білдіретіні атап өтілген.

«Бұл ежелгі дәстүр өткен жылдың игіліктерін еске алып, алдағы көктемді жаңарған рухпен, үміт пен оптимизммен қарсы алуға мүмкіндік береді.

Парсы халқы өзінің жарқын мәдениетімен және математика, ғылым, құқық, технология, өнер сынды салалардағы ерекше дарынымен қоғамға баға жетпес үлес қосып келеді.

АҚШ атынан баршаңызға осы тамаша мерекеде мол бақыт пен игілік тілеймін.
Наурыз құтты болсын!» делінген Трамп құттықтауында.

Наурыз – парсы мен түркі дүниесіне, Еуропаның кей мәдениеттері үшін ортақ мейрам. Атаудың өзі көне парсы тілінен «Жаңа күн» дегенді білдіреді. 2010 жылдың 10 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып бекітілген.

Қазақстанда Наурыз мейрамы екінші жыл қатарынан жаңаша форматта тойланып келеді. 




Сондай-ақ оқыңыз