Ұлттық атом компаниясы былтыр 720 млрд теңге салық төлеген

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2024 жылы бюджетке 720 млрд теңге салық төлеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 58 пайыз артық.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, 2024 жылғы қызмет көрсеткіштерін таныстырған.
Ұлттық компания былтыр жалпы 23 мың тонна уран өндіріп, 16,6 мың тоннасын сатты. Соның ішінде «Үлбі-ЖБҚ» зауыты толық жұмыс істеп, 200 тонна төмен байытылған уран өндірген.
Юсупов сонымен қатар компанияны дамытудың 2025-2034 жылдарға арналған жаңа стратегиясын таныстырды. Стратегия аясында компания елдің минералды-шикізат базасын ұлғайтуға және оны тиімді пайдалануға ден қоймақ.
19 наурызда «Қазатомөнеркәсіп» 2024 жылғы қаржы нәтижесін жариялады. Соған сәйкес, компанияның қаржы түсімі 1,8 трлн теңгені құраған. Ад таза пайдасы бір жылда екі есе артып, 1,13 трлн теңгеге жеткен.
Ұлттық компанияның қаржы есебіне сәйкес, таза пайданың өсуіне уран (U3O8) бағасының қымбаттауы және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС өнімдерін жеткізу көлемі артуы себеп болған.