Жаңалықтар

Наурыз мейрамында Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы арта түспек

Sergek зерттеуі бойынша Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы арта түспек / фото: shutterstock

Sergek компаниясы өткен жылдың статистикасына сүйене отырып, Алматы қаласындағы жолдардың жүктемесі Наурыз мерекесі кезінде айтарлықтай артатынын болжады.

2024 жылдың 20 наурызында қала көшелеріндегі көлік қозғалысының қарқындылығы 19-36%-ға артқан.

Ең үлкен өсім: Шығыс айналма жол учаскесінде – 36%, Әл-Фараби даңғылының шығыс бөлігінде – 31%

Дегенмен, көлік қозғалысының артуы күні бойы біркелкі таралып, қарбалас сағаттарда үлкен кептелістер тудырмаған.

Sergek ұсынатын кеңестер

  • Маршрутты алдын ала жоспарлау
  • Кешкі уақытта жолға кететін уақытты 15-20%-ға ұлғайту
  • Қатты жүктелген уақыттарда жолға шықпауды қарастыру
  • Қоғамдық көлікті пайдалануға немесе жақын маңда мерекелеуді таңдауға кеңес беріледі.

Наурыз мерекесі кезінде қала тұрғындары мен қонақтары көлік қозғалысының қарқындылығын ескеріп, сапарын алдын ала жоспарласа, ыңғайсыздықтың алдын алуға болады.