Атырауда ірі көлемде жалған доллар сатқан күдікті ұсталды

Атырауда жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 24 жастағы ер адам жалған 50 АҚШ долларын сатуға әрекеттенгені анықталды.
Күдіктіні тінту кезінде жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра тәркіленді. Сондай-ақ, оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сатумен айналысатыны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы («Шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, сақтау немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты полиция қосымша ақпарат жарияламады.