
TikTok үшінші жыл қатарынан Наурыз мерекесіне арналған ауқымды онлайн-фестиваль өткізіп, қазақстандықтарды бір алаңға жинайды.
TikTok платформасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген пайдаланушыларды біріктіріп, ұлттық мәдениетті насихаттауға мүмкіндік беретін #Наурыз2025 онлайн-фестивалін бастады. Қазақстандықтар арнайы хэштег арқылы мерекелік көңіл-күймен бөлісіп, ұлттық дәстүрлерді дәріптей алады.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауына ие.
TikTok алғаш рет мерекелік интерактивті аймақтар орнатады
Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – еліміздің ірі қалаларында TikTok-тың арнайы мерекелік аймақтары орнатылуы. Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы халық көп жиналатын орындарда TikTok пайдаланушылары үшін ерекше безендірілген аймақтар дайындалады. Бұл жерде желі қолданушылары ұлттық нақыштағы декорация аясында бейнероликтер түсіріп, #Наурыз2025 хэштегімен жариялай алады.
Интерактивті аймақтардың мекенжайлары:
- Астана: «ЭКСПО» ХКО, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1
- Алматы: Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысы
- Шымкент: Арбат, Әл-Фараби алаңы, 2/10
TikTok қолданушыларына Наурыз мерекесі аясында түрлі қызықты тікелей эфирлер дайындалды:
- 19 наурыз, 19:00 – дарынды домбырашы @zhakso_ өнер көрсетеді
- 19 наурыз, 20:00 – @bylapshin.kz аспаздық блогері итальяндық стильде бешбармақ әзірлейді
- 20 наурыз, 15:00 – @ult_kazynasy жобасы Шымкенттен тікелей эфир өткізеді
- 22 наурыз, 14:00 – Түркістандағы Наурыз мерекесінен тікелей эфир
Қазақстандық жоғары оқу орындары Наурызды TikTok-та атап өтеді
TikTоk онлайн-фестиваліне еліміздің беделді жоғары оқу орындары да қосылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Наурызға арнап түрлі мазмұндағы видеолар әзірледі. Satbayev University мерекелік атмосфераға бөленсе, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде домбыра үні естіледі. Ал Yessenov University студенттері ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде халықтық дәстүрлер күндері өтіп жатыр.
TikTok Шығыс Еуропа мен Орталық Азия операциялық бөлімінің басшысы Саиф Муджахид:
«Наурыз – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Соңғы екі жылда TikTok қазақстандықтардың сүйікті мерекесі туралы ондаған мың видео жасауына шабыт берді. Біз ұлттық дәстүрлерді жаңаша көзқараспен ұғыну үшін платформа мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз,» – деді Саиф Муджахид.
TikTok-тың «Наурыз2025» онлайн-фестивалі Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін дәріптеуге бағытталған ерекше жоба.
Еске сала кетейік, бұған дейін Наурыз мерекесіне орай Алматыда қандай іс-шаралар өтетінін жазған едік.