
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.
Ұлттық спорттың маңызы
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер. Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтында өзін-өзі қорғау мен аңшылыққа дайын болу үшін түрлі спорттық ойындармен айналысқан. Бүгінде бұл ойындар ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Ұлттық спорт түрлері және олардың дамуы
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату, аударыспақ сынды ойындар ерекше орын алады.
- Көкпар – қайсарлық пен ерлікті сынайтын, ат үстіндегі шеберлікті қажет ететін ұлттық ойын.
- Қазақ күресі – қазір әлемдік деңгейге көтерілген, жауынгерлік өнер мен намысты ту еткен спорт түрі.
- Тоғызқұмалақ – ойлау қабілетін шыңдайтын, логикалық ойлауды дамытатын интеллектуалды ойын.
- Жамбы ату – мергендік пен көздің қырағылығын сынайтын спорт.
Бүгінде ұлттық спорт түрлеріне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, арнайы федерациялар құрылып, халықаралық деңгейде жарыстар ұйымдастырылуда.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп Қазақстан жалпы есепте жеңіске жеткен еді.