Өскеменде жемқорлардан қайтарылған қаражатқа гематология орталығының құрылысы аяқталады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
гемотология
Үкімет жемқорлардан қайтарылған қаражатқа гематология орталығының құрылысын аяқтайды / Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордың 33,6 млрд теңгесіне Өскеменде Гематология орталығының құрылысын аяқтайды. Бұл мақсаттарға жемқорлардан жиналған қаражаттың 33,6 млрд теңгесін жұмсау көзделіп отыр.

«Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Негізінен бұл жобаның құны 71,3 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ғимарат құрылысының 78%-ы аяқталған. Нақтырақ айтқанда нысанның қаңқасы тұрғызылып, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған, сондай-ақ сыртқы инженерлік желілері тартылған.

Жоба құрылысына сәйкес, медициналық мекеме кі корпустан тұрады. Бұдан бөлек 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй салу жоспарланған.

Сонымен бірге бас ғимарраты болады. Ол жерде заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері ашылады.

Айта кетсек, осыған дейін жемқорлардан қайтарылған 21 млрд теңгеге Солтүстік Қазақстан облысында су құбырлары жөнделетіні хабарланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз