2025 жылдың үш айында 2 мың қазақстандық банкрот деп танылған

2025 жылдың 3 айында 2 мың адам банкрот деп танылған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты.
Комитет өкілінің айтуынша, 2023 жылдың 3 наурызынан бастап, Қазақстанда 120 млрд теңге сомасына орындалмаған міндеттемелері бар 22,6 мың азаматтың банкроттық туралы өтініші қабылданған. Сонымен бірге банкроттықтан 7 азамат бас тартып, өз міндеттемелерін орындай отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге өтініш берген.
2023 жылы банкроттыққа тапсырған азаматтардың өтініштер саны 77 мыңнан асқан. 2024 жылы – 83 мың, ал 2025 жылдың 3 айында 38 мыңға жуықтаған. Бірақ өтініш бергендердің барлығы банкрот деп танылмаған. Ахметов заңның арқасында халықтың қарызы төмендегенін айтты. Сонымен бірге заңның мақсаты бүкіл қазақстандықтарды банкрот деп тану емес екенін, сол себепті банкрот деп танылатын азаматтарға қойылатын талап қатаңдағанын хабарлады.
«Аталған рәсім шеңберінде 2023 жылы 8 мыңнан аса, 2024 жылы – 11 500, 2025 жылдың 3 айында 2 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды», – дейді Ахметов.