Қазақстандықтарға жеке деректерінің таралып кеткені үшін өтемақы төленеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
жеке деректер
Жеке деректері таралып кеткен азаматтар кибер сақтандыру тетігі арқылы өтемақы алады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда таралған деректер тізілімі құрылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

Бұл тізілім көмегімен азаматтар өзінің жеке деректері таралған-таралмағаны жөнінде ақпарат алады.

«Біз әрбір азамат өзінің белгілі бір деректерін, аты-жөнін, телефон нөмірін немесе электрондық поштасын енгізе алатын база құрамыз. Жүйе осы деректер бойынша әлемде ақпараттың таралуының болған-болмағаны жөнінде мәлімет береді. Бұл реттеуші ретінде бізге маңызды. Ал азаматтарға бұл қанша деректің таралғанын түсіну үшін қажет», – деді комитет өкілі.

Сонымен қатар әрбір азамат өзінің жеке жеректерінің таралып кеткенін анықтаса, деректердің таралуына жол берген компаниядан өтемақы талап ете алатын болады. Айьуынша, қазір мұндай тетік қарастырылмаған. Бірақ кибер сақтандыру процесі қолға алынса, деректері тарап кеткен азамат сақтандыру төлемдерін алуға құқылы болады.

«Азаматтарымыз бұл тетікті белсенді пайдаланады деп ойлаймын», – деді комитет басшысы.

Айта кетсек, 2024 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтардың жеке деректері ресейлік сервистен ұрланғаны туралы ақпарат тарады. Азамттардың жеке деректері авиабилеттерді сатып алу сервисінен ұрланған.

Сондай-ақ оқыңыз