Алматыда Қастеев музейінің маңында қонақүй өртенді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматыда қонақүй өртеніп жатыр / Фото: Курсив

Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Сәтбаева көшесінің бойындағы жұмыс істемей тұрған қонақүйде өрт шыққан. Нақты мекенжайы – Көктем-3, 22 шағын аудан.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті KursivMedia редакциясына өрттің,ғимараттың екінші қабатындағы құрылыс қоқсытарынан шыққанын хабарлады. Ғимарат жаңадан салынған.

«20 наурыз күні сағат 11:36-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, ықшамауданы мекенжайына жіберілді. Көктем-3, 22 мекенжайына өрт сөндірушілер бес минутта жетті. Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс қалдықтары өртенгені анықталды», – деп хабарлады қалалық ТЖД.

Өрт сөндірілген. Жалпы от шарпыған аудан 10 шаршы метрді құраған.

Сондай-ақ оқыңыз