Lifestyle

Данияр Елеусіновке 750 000 доллар бұйыра ма

Данияр Елеусіновке осы қомақты қаржыны қалтаға салу сәті туып тұр./ фото: kfb.kz
Данияр Елеусіновке осы қомақты қаржыны қалтаға салу сәті туып тұр/ фото: kfb.kz

Данияр Елеусінов келісімшартқа қол қойған боксерлік промоушеннен 750 000 доллар табыс табу мүмкіндігі бар.

Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, Дана Уайт және Түрки әл-аш Шейхтің TKO Boxing-і төлейтін гонорары белгілі болды. Жаңа промоушен «бірыңғай чемпион, адал рейтинг және промоутерлер ықпалы болмайды» деп уәде беріп отыр.

Қол қойғанға – 5 000 доллар

Әр бес ай сайын бір жекпе-жек өткізуге келіскен былғары қолғап шеберлері 3 жылға келісімшартқа отыра алады. Оған қол қойғаны үшін 5 000 доллар көлемінде бонус алмақ.

Аталған ұйымның рейтингіне кірмеген қарсыласпен өнер көрсету құны 20 000 доллар деп белгіленіп отыр. Ал рейтингте 5 және 10-орынға ие қарсыласпен жекпе-жек өткізуге жүлде –  50 000 доллар.

Рейтингте 3-4 орындағы қарсыласпен жұдырықтасқан спортшыға 125 000 доллар бұйырмақ.

Қомақты жүлде

Титулды жекпе-жек ақысы – 375 000 доллар. Чемпиондық белбеуді қорғаса, 750 000 долларға ие болады. Данияр Елеусіновке осы қомақты қаржыны қалтаға салу сәті туып тұр.

Қазір 150 боксер іріктеліп, матчмейкерлер командасы құрылып жатыр. Компания бокс жұлдыздарына емес, болашағынан үміт күттіретін таланттарға иек артпақ.

Мұның алдында Қазақстанның олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов осы промоушенмен келісімшартқа қол қойғаны туралы хабарлаған еді. Ол бұған кірген алғашқы қазақстандық былғары қолғап шебері болып отыр.