Алматы облысы әкімдігі «Лукойлдың» Қазақстандағы зауытымен жеке жол үшін соттасып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Алматы облысында орналасқан «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» мотор майлары зауыты жеке меншігіндегі автожолынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының мамандандырылған экономикалық сотында қаралып жатқан іс материалдарынан белгілі болды.

2025 жылғы қаңтарда Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі сотқа талап арыз түсірді. Мекеме «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» зауытынан жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етеді.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар жеке меншікте бола алмайды.Мұндай жерлер тек үкіметтің шешімімен инвесторға сатылған жағдайда ғана жеке меншікке берілуі мүмкін деп түсіндіреді аудандық жер қатынасты бөлімінің мамандары.

Даулы автожол ұзындығы – 0,5 шақырым. Ол ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жекеменшік иелерінен сатып алу арқылы салынған.

Компания сот барысында судья Берік Қожахметовке қарсылық білдірді, бірақ өтініш қанағаттандырылмады. Сонымен қатар, «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» IT-Partners LLP компаниясына қарсы талап арыз берді. Бұл іс 2025 жылғы сәуірде қаралады, талап сомасы жарияланбады.

«Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» зауыты 2019 жылдың қыркүйегінде іске қосылған.
Жылдық өндірістік қуаты – 100 мың тонна. 850-ден астам түрлі майлау материалдарын шығарады. Зауыт құрылысына салынған инвестиция көлемі – шамамен $85 млн.

Сондай-ақ оқыңыз