АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 4,5% деңгейінде сақтады

АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) екі күндік отырыстың қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені 4,25–4,5% деңгейінде сақтады. Бұл шешім қаңтардағы отырыста қабылданған ұстаныммен сәйкес келеді.
Қазір АҚШ экономикасы өсіп келеді, жұмыссыздық деңгей төмен. Еңбек нарығы тұрақты. Бірақ инфляция деңгейі әлі де жоғары, экономикалық болжамдарда белгісіздік күшейіп жатыр. Сондықтан ФРЖ облигациялар мен ипотекалық құнды қағаздарды сату қарқынын бәсеңдету туралы шешім қабылдады. Болжам бойынша:
- 2025 жылға қарай инфляция 2,7% (бұрын 2,5% деп болжанған).
- 2026 жылы инфляция 2,2% (алдыңғы болжам 2,1%)
- Ал ЖІӨ өсімі 2025 жылы 1,7%-ға (бұрын 2,1%) төмендеді, ал 2026 жылы 1,8% (бұрын 2%) болады деп болжануда.
ФРЖ-ның келесі отырысы 6-7 мамырда өтеді. Bloomberg сауалнамасына сәйкес, ФРЖ 2025 жылдың бірінші жартысында мөлшерлемені төмендетпейді, ал қыркүйектен бастап екі рет төмендетуі мүмкін.
ФРЖ басшысы Джером Пауэлл орталық банк шешім қабылдауда асығыстық танытпайтынын, алдымен инфляция мен экономиканың даму бағыттарын мұқият талдайтынын мәлімдеді.
7 наурызда Қазақстанның Ұлттық Банкі де базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдап, 16,5%-ға көтерді.