Телеграм әлемдегі ең танымал екінші мессенджер атанды

Жарияланды 20 Наурыз 2025 11:15

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Телеграмның ай сайынғы қолданушылары 1 млрд-тан асты / Фото: shutterstock

Telegram ай сайынғы белсенді қолданушылар саны бір миллиардтан асып, әлемдегі ең танымал екінші мессенджер атанды. Бұл туралы қосымшаның негізін қалаушы Павел Дуров хабарлады. 2024 жылы Telegram 547 млн доллар пайда тапқан.

Дуровтың сөзінше, Телеграмдағы ай сайынғы қолданушылар саны бойынша WhatsApp-тан кейінгі екінші орынға шықты. 2024 жылы компания кірісі 1 млрд доллардан асқан. Ал қолма-қол ақша резервтері 500 млн доллардан көп дейді желінің негізін қалаушы.

2023 жылы Телеграм табысы 342 млн долларға жеткенімен, 173 млн долларға шығынға батқан еді.

Дуров телеграм 2026 жылы IPO-ға шығуды жоспарлап отырғанын да айтты. Инвесторлар компания активін 30 млрд доллар деп бағалап отыр.

Павел Дуровты 2024 жылы тамызда Парижде қамауға алып, кейін 5 млн еуро кепілдікпен босатқан. Оны мессенджердегі заңсыз әрекеттерді жеткілікті деңгейде бақылмады деп айыптады. Financial Times жазуынша, тергеу және басқа да құқықтық мәселелер телеграмның биржаға шығуына кедергі болуы мүмкін.

Жақында ғана Дуров Франциядан қайта Дубайға оралды.

Сондай-ақ оқыңыз