Чехия президенті Одессада жүрген уақытта қалаға дрондар шабуылдады

Чехия президенті Петр Павел Одесса қаласында жүрген уақытта Ресей дрондар көмегімен бірнеше соққы жасады. Бұл туралы 21 наурызда украин ресми тұлғалары мәлімдеді.
Одесса облысының губернаторы Олег Кипердің хабарлауынша, Павел бейсенбі күні Қара теңіз портын аралаған.
«Бір қызығы, дәл осы кездесу өтіп жатқан уақытта қарсылас Одесса облысын қайта-қайта шабуылдаған. Соның өзі бүкіл әлемге ескерту: соғыс аяқталған жоқ, Украина күресіп жатыр», – деп жазды Кипер Telegram мессенджеріне.
Губернатор чех президентімен бірге түскен бірнеше суретін қоса жариялады. Шенеуніктің айтуынша, Чехия басшысының қатысуымен өткен кездесулерде Қара теңіз қауіпсіздігі мәселесі талқыланған.

21 наурызға қараған түні Одессаға жасалған шабуылдардан үш жасөспірім зардап шекті. Бұл туралы Украина төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі хабарлайды.
«Ресей Одесса облысын тағы атқылады. Азаматтық инфрақұрылым зардап шекті. Сауда орталықтары, дүкендер өртеніп, көп қабатты үйлер зақымданды. Алдын ала мәлімет қойында, үш жасөспірім зардап шекті», – деп хабарлайды құтқарушылар.