Краснодар өлкесінде өртеніп жатқан мұнай базасында тағы бір жарылыс болды

Ресейдің Краснодар өлкесі Кавказ ауданындағы мұнай базасының өртеніп жатқанына екі күн болды. Бүгін мұнда тағы бір жарылыс болып, өрт екінші резервуарқа ойысқан.
Краснодар өлкесі шұғыл штабының хабарлауынша, өрт 10 мың шаршы метрді шарпып үлгерді. Қазір мұнда екі резервуар өртеніп жатыр.
Украин дрондары Краснодардағы мұнай базасын 19 наурызға қараған түні шабуылдаған. Олар мұнай сақталған 1,7 мың шаршы метр аумақтағы резервуарды бұзды. Ол содан бері өртеніп жатыр.
Бір күн бұрын «Транснефть» Украинаның Краснодар өлкесіндегі мұнай нысандарына жасаған шабуылы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) табысы мен оның акционерлерінің дивидендтерін азайтады деп ескерткен. Акционерлер қатарында АҚШ компаниялары да бар.
«Заңға сүйенсек, «Кавказская» станциясы консорциумға тиесілі емес, бірақ оған жасалған шабуыл жоспарлы жұмыстардың орындалуына әсер етеді. Нәтижесінде, КҚК-ның табысы мен оның акционерлерінің, соның ішінде АҚШ компанияларының дивидендтері азаяды», – деп жазылған компания мәлімдемесінде.