Литва Украинаға әскер жіберуге дайын

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Литва президенті Гитанас Науседа қорғанысқа көп қаржы бөлді / фото: REUTERS/Yves Herman

Литва президенті Гитанас Науседаның мәлімдеуінше, Балтық елі Украинада атыс тоқтаған соң, әскерін осы елге жіберуге дайын.

«Еліміз қолдау көрсетуге дайын. Біз әскери күшіміздің нақты санын атаймыз, бірақ коалициядағы барлық ел қолдау көрсетуі керек», – деп мәлімдеді президент Bloomberg Television-ге берген сұхбатында.

Оның бұл сұхбатты 21 ақпанда Брюссельде берген.

Гитанас Науседаның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей мен Украина арасындағы үш жылдық соғысты тоқтату ойы болған, алайда Владимир Путин келіссөз жүргізгенсіп, соғыстан әбден қалжыраған елді атқылауын жалғастыра берді.

Киевті жақтайтын Литваның Ресеймен Калиниград эсклавында ортақ шекарасы бар. Вильнюс өзінің қауіпсіздігі осы соғыстың нәтижесіне байланысты деп есептейді.

Литва болашақта болуы мүмкін әскери агрессияға тойтарыс беру үшін қорғаныс шығынын арттырды.

Сондай-ақ оқыңыз