Судан армиясы Хартумдағы президент сарайын басып алды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Судан ұлттық армиясы астанаға билік орнатуға ұмтылады / фото: REUTERS/El Tayeb Siddig

21 наурызда таңертең Судан ұлттық армиясы Хартумдағы президент сарайын басып алды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Агенттіктің судан әскеріндегі дереккөздері де, жергілікті телеарна да президент сарайын ұлттық армия басып алғанын мәлімдеген.

Дереккөздердің айтуынша, армия сарай маңын торуылдап, Шұғыл қолдау күштерінің (RSF) мүшелерін іздестіріп жүр.

RSF күштері президент сарайын, сонымен бірге астананың үлкен бөлігін 2023 жылғы сәуірде басып алған. Алайда кейінгі бірнеше айда Судан қарулы күштері Ніл өзені бойымен асықпай жылжып, бүгін сарайға жеткен.

2025 жылдың басында жаңа үкімет жасақтауға кіріскен RSF күштері әлі де Хартумның көп бөлігін бақылауды жоғалта қойған жоқ. Олар астанаға жақын маңдағы Омдурманға, сонымен бірге Суданның батысына билік жүргізіп отыр.

Африка құрлығында орналасқан Суданда азаматтық соғыс үш жыл бұрын басталған.

Сондай-ақ оқыңыз