Алматыда 5000 астам адам Абай шығармаларын орындады

Жарияланды 22 Наурыз 2025 14:10

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Алматыда 5000 астам адам Абай шығармаларын орындады
Алматыда 5000 астам адам Абай шығармаларын орындады / Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 5000 астам адам Абай әндерін шырқап, қойылым қойып, өлеңдерін оқыды. Шара 22 наурыз күні сағат 9:00-де Абай даңғылы бойында – Абай алаңында басталды. 5000 астам адам Назарбаев даңғылы бойымен тізіліп тұрған.

«Олардың қатарында Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жас музыканттары, танымал әншілер, қала тұрғындары мен меймандары болды», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Сағат 10:00-де мыңдаған адам «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқады. Сағат 10:30-да «Жаңа ғасыр» театры мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры арнайы қойылымдар көрсетті.

Алматыда 5000 астам адам Абай шығармаларын орындады / Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 5000 астам адам Абай шығармаларын орындады / Фото: Алматы әкімдігі

«Жалпы бүгін кешкі сағат 21:00-ге дейін сахна төріне «Steppe Sons», «Tumar», «Ұлы дала қыздары», «Жұмыр қылыш», «ILIGAI» ансамбльдері, «МузАрт Life» дуэті, «Aldaspan» тобы, сондай-ақ Жәмилә Серкебаева, Бибігүл Қилымхан, Диас Мұратхан, Сандуғаш Стамғазиева, Тілек Базаров, Марал Анарбек, Қайратбек Бектұрсын және басқа да өнерпаздар шығып, халыққа ән мен күйден шашу шашады», – делінген хабарламада.

Осыған дейін Наурыз мерекесінде Алматыда болатын шараларды тізіп шыққан едік.

Сондай-ақ оқыңыз