Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының иесі Александр Машкевич өмірден өтті – «Курсив» дереккөздері

Қазақстандағы Еуразиялық банк пен ENRC компаниясының тең иесі Александр Машкевич қайтыс болды. Ақпаратты KursivMedia тілшісіне миллиардер компаниясына жақын екі бірдей дереккөз растады.
Екі жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Машкевичтің денсаулығына қатысты ақпарат пайда болған. Nege.kz деректеріне сәйкес,. 2023 жылдың сәуірінде миллиардердің миына ота жасалған. Алайда бұл ақпарат қатысты ERG түсініктеме беруден бас тартқан.
Машкевич деген кім?
Александр Антонович Машкевич 1954 жылы Бішкек қаласында дүниеге келген. 1990-жылдары Кеңес өкіметі ыдыраған тұста Қазақстандағы жекешелендіруді пайдаланып, металлургия саласына қаржы құйып бастаған. Ол 1994 жылы Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовпен бірге Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниялар тобын құрған. 2005 жылы компания Лондон биржасына шығып, 2010 жылы Машкевичтің 3,3 млрд долларға жеткен.
2010 жылдан бастап компания Eurasian Resources Group (ERG) деп аталып, Машкевичке оның 20,7% үлесі тиесілі болды. Қазақстанда тіркелген компания біздің елден бөлек, Еуропа, Азия және Африка елдерінде жұмыс істейді.
2020 жылы оның Израиль азаматтығын алғаны белгілі болған. Дегенмен 2021, 2022, 2023 жылы Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкерлері тізіміне еніп, 5-6-орындарға ие болған.
Ол «Еуразиялық қаржы компаниясы» және «Еуразиялық банк» директорлар кеңесінде, және Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде болған. Бұған қоса, ҚР Ат спорты федерациясының құрметті президенті болған.