ERG компаниялар тобы Александр Машкевичтің қайтыс болғанын растады

ERG компаниялар тобы Александр Машкевичтің қайтыс болғанын растады. Компания ақпаратына сүйенсек, ол 2025 жылдың 22 наурызында өмірден өткен.
«2025 жылы наурыздың 22-і күн танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Антонович Машкевич 72 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз», – делінген компания ақпаратында.
Бұған қоса, оның 2014 – 2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group директорлары кеңесіне төрағасы әрі ұзақ жылдар бойы «Еуразиялық банк» директорлары кеңесінің төрағасы болғанын жазған.
«ERG-дің еңбек ұжымы Aлександр Антонович Машкевичтің қазасына байланысты оның отбасына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін KursivMedia тілшісіне бірнеше дереккөздері Машкевичтің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растаған.