Тоқаев бауырлас елдерді Наурыз мерекесімен құттықтады

Жарияланды
Тоқаев бауырлас елдерді Наурыз мерекесімен құттықтады
Тоқаев бауырлас елдерді Наурыз мерекесімен құттықтады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдің басшыларын Наурыз мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды, Иран Президенті Масуд Пезешкианды, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашидті, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады», – делінген хабарламада.

Президент құттықтауында осы елдермен бірге бауырлас, достық қарым-қатынасты сақтаудың маңызы туралы жазып, Наурыз мерекесінің өзара құрмет пен жаңару уақыты екенін атап өткен.

Осыған дейін Ақорда Түркия, АҚШ, Ресей және Қытай басшылары президент Тоқаевқа Наурыз мерекесімен құттықтау жеделхаттарын жолдағанын жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз